Ақтөбе облысының мейірбике ісін даму Орталығы

Біздің қосымша кәсіби білім беру бөліміне қош келдіңіздер! 

Мейірбикелік істі дамыту орталығы (әрі қарай – Орталық) 2014 жылғы 01 тамыздағы Қазақстан Республикасындағы мейірбикелік істі дамытудың Кешенді жоспарына, денсаулық сақтау саласын дамытудың  2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №239 бұйрығы негізінде мейірбикелік іс қызметінің тиімділігін арттыру және қызмет нәтижесін жетілдіру мақсатында  құрылды.  

Орталық аймақ тұрғындарына мейірбикелік көмек көрсету сапасын арттыру, мейірбикелік істі ұйымдастыру мен ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, мейірбикелік істі дамытудың басым бағыттарын талдау, денсаулық сақтаудың облыстық жүйесі үшін  құрылды.

Орталық үш бөлімнен тұрады:

1.Орта буын медицина қызметкерлерін дипломнан кейін дайындау және қайта даярлау бөлімі.

2.Ғылыми-әдістемелік қызмет бөлімі 

3.Мейірбикелік көмектің сапасын мониторингілеу және аудит бөлімі

Бөлімшенің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер:

Қызметтерді іске асыру тәртібі мынадай негізгі нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі:

1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 221-бабының 6-тармағы

https://adilet.zan.kz/rus/docs/K2000000360 

2. Сертификаттау тестілеріне дайындық

https://qazexam.kz/index.php/de/t-lekter-shin/25-a-parat/226-vypuskniki-kz-2 

3. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы»ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021847

4. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы» ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021699 

5.      «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021856

 6.      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы ЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021763

7.    Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы ЖаңаҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021814 

8.      Оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша № 9 нұсқаулық хат (ҚР ДСМ Медициналық білім мен ғылымның инновациялық технологиялары республикалық орталығы). 

9.       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы №105 «халықаралық стандарттарға сәйкес жедел медициналық көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

 https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31862491

 10.  «Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы ЖаңаҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021814

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесінде жарияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай мыналарға бөлінеді:

1) салалық біліктілік шеңберінің біліктілік талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіптік құзыреттерді сақтауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламалары;

2) негізгі мамандық бағыты бойынша жаңа кәсіптік құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) меңгеруге бағытталған сертификаттау курсы.

Үздіксіз білім беру бағдарламаларының ұзақтығы үздіксіз білім беру үшін 2 кредиттен (60 сағат) 10 кредитке (300 сағат) дейін, сертификаттау курстары үшін 15 (450 сағат) 60 кредитке (1800 сағат) дейін.Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең. Бір академиялық сағаттың ұзақтығы – 50 минут.

Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың бастапқы (бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базалық, оқу кезінде, ағымдағы, оқудың соңында, қорытынды бақылау жүргізіледі.Қорытынды бақылаудың оң нәтижесі бойынша (шекті баллдан жоғары) бағдарламаларды меңгерген тыңдаушылар:

1) біліктілікті арттыру – осы қағидалардың сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;

2) сертификаттау курстарында – осы қағидалардың сәйкес нысан бойынша маман меңгерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшасы (транскрипт) бар сертификаттау курсы туралы куәлік беріледі

Қосымшасыз сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт), оның ішінде шетелде алынғандар да жарамды емес.

 3) шекті балдан төмен қорытынды бақылау нәтижесі бар тыңдаушыларға қайталама қорытынды бақылау тағайындалады. Қорытынды бақылаудың шекті балдан төмен нәтижесін қайта алған кезде тыңдаушыларға осы қағидалардың сәйкес нысан бойынша игерілген бағдарламаның көлемін көрсете отырып, қосымша білім алғандығы туралы анықтама беріледі.

 Орта буын медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау келесідей мамандықтар бойынша жүргізіледі: 

  • «Емдеу ісі»
  • «Акушерлік іс»
  • «Мейірбикелік іс»
  • «Зертханалық диагностика»
  • «Стоматология»
  • «Гигиена – эпидемиология»
  • «Фармация»
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығына сәйкес Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту бұйрығы бойынша медициналық емес қызметкерлерді (парамедиктерді)оқыту

Орталықта орта медициналық білімі бар денсаулық сақтау мамандары үшін біліктілікті арттырудың, кәсіби қайта даярлаудың барлық түрі, сондай-ақ семинарлар, шеберлік класстар өткізіледі.

Оқытуды тыңдаушылар контингентінің қажеттілігіне қарай мемлекеттік және орыс тілдерінде жоғары білікті мамандар жүргізеді. Оқыту қаланың медициналық ұйымдарының тапсырысы бойынша жүргізіледі.

Білім жетілдіру бөлімінде практикалық дағдыларды меңгеруге арналған симуляциялық жабдықтармен және тренажерлармен жабдықталған оқу кабинеттері бар.Біліктілікті арттыру бөлімі барлық заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен және техникалық құралдармен жабдықталған

Мамандандыруға қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке куәліктің көшірмесі

2. Дипломның көшірмесі

3. Неке туралы куәліктің көшірмесі (дипломдағы және жеке куәліктегі тегі басқа болса)

4.Маман куәлігінің көшірмесі

5. Соңғы 5 жылда өткен мамандандырулардың көшірмелері

Семинарға, шебер-классқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке куәліктің көшірмесі

2. Дипломның көшірмесі

3. Неке туралы куәліктің көшірмесі (дипломдағы және жеке куәліктегі тегі басқа болса)

4. Маман куәлігінің көшірмесі

Деректемелер 

ШЖҚ» Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың атындағы

Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі» МКК

«Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ

Ақтөбе қаласы, Шернияз Жарылғасұлы көшесі, 18

тел. / факс: 8-7132-40-04-82

БСН 990240007266

БСК HSBKKZKX

ЖСК KZ546017121000000128

«Қазақстан Халық Банкі»АҚ

Біз оқудың  түрлі нұсқаларын  ұсынамыз:
— жұмыстан толығымен қол үзу;

— жұмыстан жартылай  қол үзу;
— көшпелі циклдер;
— ақылы негіздегі циклдер

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы куәліктер мен сертификаттар (парамедиктерге)беріледі

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ көшесі 39

Телефоны: 8-7132-40-18-62

Электрондық пошта: opk 18.18@mail.ru

Ескертпе: біліктілікті арттыру 60 сағат (1 кредит)/ 1 апта-1 тыңдаушыға оқу құны –14000 теңге

Біліктілікті арттыру 120 сағат( 2 кредит) / 2 апта – 1 тыңдаушыға оқу құны -28000 теңге

2021 жылға орта буынды мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклдерінің  ОҚЫТУ КЕСТЕСІ (мемлекттік тапсырыс) қарау

2022 жылға орта буынды мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау циклдерінің  ОҚЫТУ КЕСТЕСІ (келісім шарт) қарау

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау ұйымдарда менторлықты дамыту қарау