«Үздік Лаборант - 2019» колледжішілік кәсіби байқауы

2019 жылдың 15-27 наурыз аралығында «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша бітіруші топтарда «Үздік Лаборант – 2019» колледжішілік кәсіби байқауы өтті. Мақсаты: студенттердің ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлау шеберліктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту және де кәсіби дайындығын жоғарылату барысында тәжірибелік іс-машықтар шеберліктерін арттыру, үздік түлекті анықтау.Байқау шарттары үш кезеңнен тұрды:

 

1 кезең – тест тапсырмаларын орындау

2 кезең – «Лаборант мамандығым – болашағым» тақырыбында экспонат қорғау

3 кезең – тәжірибелік іс-дағды машықтарын бағалау

Студенттердің машықтығын бағалауға әділ қазылық ретінде арнайы пән оқытушылары және Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары Ақтөбе теміржол ауруханасы АҚ клиникалық-диагностикалық лабораториясының мамандары қатысты. 

Әділ қазылардың қорытындысы бойынша «Үздік Лаборант – 2019» колледжішілік кәсіби байқауының 1  жүлделі орынды  Жумагужина Акзер иеленді, 2 орын жүлдесін Еркін Аяжан иеленсе, 3 орын жүлдесін Жиенғали Шолпан иеленді. Айдарбай Бибінұр мен Ерполатова Гүлнұр байқауда белсенділік танытқандары үшін грамоталармен марапатталды.

Имени героя Советского Союза Маншук Маметовой